Қазақстан туралы шет елдерден келіп түскен күнделікті жаңалықтар
«Trend News Agency» ақпараттық агенттігі жариялаған «Hungarian Ambassador to Kazakhstan: Kazakhstan «corrects» its position towards Nabucco» атты мақалада Венгрияның елшісі Михали Байердің өткен жылы қараша айында «Набукко» газ құбырына қатысты Қазақстан позициясының өзгергені жайлы айтқан сөздері келтірілген. Бұл дипломаттың сөздеріне қарағанда, ресми Астана осы жобаға оң қарай бастаған. Ал соған дейінгі Қазақстанның оған қатысты ұстанымын «бейтарап» деп сипаттауға болатын көрінеді. Яғни 2009 жылдың қараша айына дейін ресми Астананың «Набукко» жобасына қатысты жүзі жылымаған. Ал содан кейін оған бүйрегі бұра бастаған. Сонымен, Қазақстан Республикасы «Набукко» жобасына қызығушылық таныта бастаған көрінеді. Михали Байердің сөзіне сенуге болатын сияқты. Өйткені ол Венгрияның «Набукко» жобасы бойынша ұлттық үйлестірушісі (координаторы) болып табылады.
***
AFP басылымы жариялаған «Thailand to rule next week on N.Korea weapons plane» атты материалда екі мемлекеттің, яғни Қазақстан мен Беларусьтің, Таиландта тоқтатылған жүк ұшағы мен оның содан соң тұтқындалған қазақстандық және белоруссиялық азаматтардан тұратын экипажына қатысты сот ісінің өз елдерінде қаралуын қалайтыны туралы айтылған.
***
«Stockopedia» басылымы жариялаған «Roxi Petroleum (LON:RXP) issues Galaz news and operational update» атты материалда жұмыстарын негізінен Қазақстанда жүргізетін «Roxi Petroleum» деген барлаумен және өндірумен айналысатын компанияның өз іс-әрекеттері жөнінде нақты мағлұматтарды жария еткені туралы сөз болған.
***
«Trend News Agency» ақпараттық агенттігі жариялаған «ECO health ministers to sign Baku Declaration» атты мақалада Экономикалық ынтымақтастық ұйымы құрамына кіретін мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің Бакудегі кездесуі және оның барысында қаралған мәселелер туралы баяндалған.
***
«Business New Europe» басылымы жариялаған Клар Нутталдың «Kazakh government struggles to help airlines off EU blacklist» атты материалында Қазақстанда тіркелген әуе компанияларының біреуінен басқасының барлығына Еуропалық Одақ құрамына кіретін елдерге барар жолдың жабық болуына байланысты Қазақстан үкіметі соны бұлар үшін қайта ашу мақсатында тиісті шаралар қабылдап жатқаны туралы айтылған.
***
«Azerbaijan Business Center» басылымы жариялаған «OSCE Chairman-in-Office to visit Azerbaijan, Armenia and Georgia on February 15-17» атты мақалада ЕҚЫҰ төрағасы міндетін атқарушы, Қазақстанның сыртқы істері министрі Қанат Саудабаевтың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшысы ретінде ақпанның 15-і мен 17-і аралығында Әзербайжанға, Арменияға және Грузияға сапар шегуді жоспарлап отырғаны туралы айтылған.
***
«UkrAgroConsult» басылымы жариялаған «Kazakhstan may purchase land for grain terminal in Georgia» атты материалда Қазақстанның Грузияда дәнді дақылдар терминалы үшін жер учаскесін сатып алуы мүмкін екені туралы әңгімеленген.
Аққали КӨПТІЛЕУОВ
Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ.
© 2010 2008 by Обзор иностранной прессы c А.Тажутовым
Работает на WP. |