Перепечатка материалов запрещена. Допускается только гиперссылка на наши материалы

Қазақстан туралы шет елдерден келіп түскен күнделікті жаңалықтар

Написано 9 Февраль, 2010 в категории Новости

«Worldbulletin.net» басылымы жариялаған «


PACE’s Turkish President says has plan for reforms
» атты материалда  Еуропа Советі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы, Мевлут Чавушоглудың аталмыш құрылымның бас хатшысымен бірге осы ұйымда реформа жасауды қолға алғанын әңгімелегені туралы айтылған. Көзделіп отырған өзгерістер кеңінен жүзеге асырылмақ көрінеді. Материалда сонымен қатар осы бір Түркия өкілінің: «Біз сондай-ақ Тунис, Қазақстан және Палестина сияқты бірқатар елдерді «Демократия үшін әріптестік» бағдарламасына араласауға қосу мақсатында келіссөздер жүргізуді бастап кеттік. Біз исламофобияға, нәсілшілдікке және ксенофобияға қарсы шайқасатын боламыз. Біз сонымен қатар мәдениеттер және діндер арасында диалог орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға белімізді бекем буып отырмыз», - деген сөздері келтірілген.

 

 

***

 

     «Press TV» басылымы жариялаған «


SCO to review Iran, Pakistan membership bids
» атты материалда Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Иран мен Пәкістанның осы құрылымға   мүше болып кіру туралы өтініштерін қайта қарамақ болып жатқаны туралы айтылған. Онда сонымен қатар ШЫҰ құрамына Қытаймен, Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен бірге Қазақстанның да кіретіні туралы айтылған.

 

***

 

     «ISI - Emerging Markets» басылымы жариялаған «


PM urges reduction of law agencies
» атты материалда Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың құқық қорғау агенттіктерінде қысқарту жүргізуге шақырғаны туралы сөз болған. Ол сонымен қатар жалақы өсіру қажет екенін атап айтқан көрінеді.

 

 

***

 

     «ISI - Emerging Markets» басылымы жариялаған «





Oil shipments via Batumi terminal surge 28% y/y in January» атты материалда Батуми терминалы арқылы қаңтар айында жөнелтілген мұнай мөлшерінің бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 28 пайызға артқаны туралы және бұның құрамында Қазақстан шикізатының да болғаны туралы айтылған.

 

***

 

     «Reuters» ақпараттық агенттігі жариялаған «


Kazakh PM orders new oil tax rules to be drafted
» атты материалда Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың мұнайға қатысты жаңа салықтық ережелер жобасын құрастыруға бұйрық бергені туралы сөз болған.

***

 

     «ISRIA» басылымы жариялаған «Kazakhstan - Kanat Saudabayev: Now Is Unique Moment to Strengthen Kazakh-US Strategic Partnership» атты мақалада ЕҚЫҰ төрағасы қызметін атқарушы, ҚР сыртқы істері министрі Қанат Саудабаевтың Америкаға жасаған үш күндік сапары барысында қазір Қазақстан-АҚШ стратегиялық әріптестігін нығайту үшін ең бір қолайлы шақ болып тұрғаны жайлы мәлімдеме жасағаны туралы айтылған.

 

***

 

     «News.Az» басылымы жариялаған «


Azerbaijan keen to reform Economic Cooperation Organization
» атты материалда Әзербайжанның Экономикалық ынтымақтастық ұйымын (ЭЫҰ) роформалауға ынталы екені туралы сөз болған. Онда сонымен қатар ЭЫҰ құрамына Әзербайжанның өзінен басқа Ауғанстанмен, Иранмен, Пәкістанмен, Түркиямен, Түрікпенстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен бірге Қазақстанның да кіретіні туралы айтылған.

 

Аққали КӨПТІЛЕУОВ

 

Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ.

Похожие публикации

Комментарии закрыты.