Қазақстан туралы шет елдерден келіп түскен күнделікті жаңалықтар
«Trend News Agency» басылымы жариялаған «UN and International Fund for Saving Aral Sea sign memorandum» атты материалда Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан, Өзбекстан, Түрікпенстан, Қырғызстан және Тәжікстан бесеуі бірлесіп, Арал теңізін құтқару мақсатында құрған халықаралық қордың өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойғаны туралы айтылған. Бұл құжат аталған тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытуды және Арал өңіріндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуды көздейтін көрінеді.
***
«Manila Bulletin» басылымы жариялаған «Romanian leader visits Afghanistan» атты мақалада Румыния президенті Траян Басескудің Қазақстанға келген сапарынан соң, күтпеген жерден ат басын Ауғанстаға бұрып, сол елдегі румын солдаттарымен кездесуге барғаны туралы сөз болған.
***
«Business Week» журналы «Bloomberg» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып жариялаған «Kazakh Economy May Grow 1.5% in 2010, Government Says» атты мақалада ҚР үкіметінің 2010 жылы Қазақстан экономикасының 1,5 пайызға өсуі мүмкін екені жайында болжам жасағаны туралы сөз болған.
***
«Bernama» басылымы жариялаған «UN To Assist Central Asian Countries In Saving Aral Sea» атты материалда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия елдеріне олардың Арал теңізін құтқару мақсатында жасап жатқан іс-әрекеттеріне қатысты түрде көмек көрсетпек болып жатқаны туралы айтылған.
***
«Reuters» ақпараттық агенттігі жариялаған «Kazakh prosecutors checking BG, Eni gas venture» атты мақалада Қазақстан прокуратурасының Қазақстанның Қарашығанақ газ конденсаты кенішін игеріп жатқан ұлыбританиялық «British Gas» және италиялық «Eni» бастаған компаниялар консорциумын оның еңбек заңына қатьысты түрдегі талаптарды қалай орындап жатқанын айқындау мақсатында тексеріп жатқаны туралы сөз болған.
***
«Asia Times Online» басылымы жариялаған Роберт М.Катлердің Канаданың Монреаль қаласынан жолданған «Kazakhs tighten grip on Karachaganak» атты материалында Қазақстан билігінің Қарашығанақ газ конденсаты кенішін игеру ауқымы мен қарқынына ықпалын күшейтудің амалын жасап жатқаны туралы айтылған.
***
«Korea Herald» басылымы жариялаған «Asia Five Nations opens in April» атты материалда Азияның регбиден ең мықты бес елінің қатысуымен өтетін «Бес ұлт» турнирінің биылғы жылы сәуір айында басталуға тиіс екені туралы айтылған. Бұл жарысқа Жапониямен, Оңтүстік Кореямен, Гонконгпен, Біріккен Араб Әмірліктерімен бірге Қазақстанның қатысуы жоспарланатыны жайында да мәліметтер келтірілген.
Аққали КӨПТІЛЕУОВ
Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ.
© 2010 2008 by Обзор иностранной прессы c А.Тажутовым
Работает на WP. |