Перепечатка материалов запрещена. Допускается только гиперссылка на наши материалы

Қазақстан туралы шет елдерден келіп түскен күнделікті жаңалықтар

Написано 12 Март, 2010 в категории Новости

«Panorama.am» басылымы жариялаған «


Armenia hails Kazakhstan’s attempts to support NKR conflict resolution


» атты материалда Армения сырты істері министрі Эдуард Налбандянның армян мемлекеттік телеарнасы арқылы сөйлеген сөзінде өз мемлекетінің Қазақстанның Таулы Карабах шатағын шешуге талпыныстарын дәріптейтінін мәлімдегені туралы айтылған.  

 

***

 

     «Wall Street Journal» газеті жариялаған Ричард Будроның Мәскеуден жіберген «Yanukovych Asks Russia for Tight Ties, Cheap Gas» атты мақаласында былай делінген: «Янукович мырза үшін шешуші тексеріс оның Еуроодақпен еркін сауда келісімшартын немесе Ресеймен және бұрынғы совет республикалары Беларусьпен және Қазақстанмен Кедендік Одақты таңдап алуы болмақ».

 

 

***

       

     «Rhinelander Daily News» басылымы жариялаған Кевин Бунескенің «World’s best ice anglers to invade Rhinelander» атты материалында келесі аптаның аяғында Бум-Лейк көлінде мұзды суда балық аулаудан әлем біріншілігінің өтпек болып жатқаны және оған Американың өзінен басқа 10 елдің, атап айтқанда Эстонияның, Финляндияның, Латвияның, Литваның, Польшаның, Ресейдің, Қазақстанның, Украинаның, Швецияның және Канаданың қатыспақ болып жатқаны туралы айтылған.

 

***

 

     «Daily Peloton» ақпараттық агенттігі жариялаған «4th Montepaschi Strade Bianche Toscana» атты материалда қазақстандық велошабандоз Максим Иглинскийдің наурыздың 6-сында болып өткен бір күндік «Montepaschi Strade Bianche Toscana» турында жеңіске жеткені туралы айтылған. Бұл жарысқа «Астана» командасының құрамында онымен қатар Александр Винокуров және Асан Базаев (екеуі де Қазақстаннан), Аллан Дэвис және Скотт Дэвис (екеуі де Австралиядан), Андрей Гривко (Украинадан) и Энрико Гаспаротто (Италиядан) қатысқан.  

***

 

     WTVW арнасы жариялаған  Сара Форчунның «Former Orphans Helping Orphans» атты мақаласында американдық Линда Викердің бес баласының екеуінің Қазақстандағы балалар үйінен асырауға алынған балалар екені туралы және осы семьяның енді қазақ елінен тағы да бір баланы асырауға алуды жоспарлап отырғаны туралы сөз болған.

 

***

 

      «UK Express» басылымы жариялаған «KAZAKHSTAN THREATENS UK OIL INTERESTS» атты материалда Қазақстанның Ұлыбританияның мұнайға қатысты мүдделеріне қауіп төндіріп жатқаны туралы сөз болған.

 

***

      «Times of India» басылымы жариялаған «China hold off Uzbekistan in Davis Cup» атты материалда теннистен Дэвис кубогы үшін жарыста Қытай командасының Өзбекстан командасын 3:2 есебімен ұтқаны туралы және енді оның Азия/Океания аймағы бойынша келесі айналымда Қазақстан командасымен кездесуге тиісті екені туралы айтылған.

 

Аққали КӨПТІЛЕУОВ

 

Жобаның демеушісі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОРЫ.

Похожие публикации

Комментарии закрыты.